1967 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
1991 жылы Еңбек Қызыл Ту Орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық – техникалық университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты.
1988-1996 жж. – Еңбек Қызыл Ту Орденді Ленинград ауылшаруашылық институтында техник, комендант, М.Горький атындағы колхозында механик, Төле би атындағы агробірлестігінде бас инженер болып қызмет атқарған.
1996-2008 жж. – Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бөлім меңгерушісі, Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің экономика басқармасының бас маманы, Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
2008-2011 жж. – Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингін дамыту бөлімінің меңгерушісі.
2011-2015 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы.
2015-2018 жж. – Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы.
2018-2019 жж. – Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.
2019-2021 Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі.
2021-2022 жж. – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
2022 жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жамбыл облысының әкімі қызметіне тағайындалды. 2022 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.
2023 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалды.