Жоғары Сот Кеңесінің бастамасымен Сот төрелігі академиясының базасында «Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын қолданудың теориялық және практикалық аспектілері» тақырыбында референдиаттың онлайн-курсы өтті.
Оқу бағдарламасына еліміздің 10 өңірінен 32 маман қатысты. Тыңдаушылар арасында адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, заң кеңесшілері, сондай-ақ полиция, прокуратура, сот жүйесі және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері бар.
Сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылар курстың мазмұнын да, оның ұйымдастырылуын да жоғары бағалады. Оқудың практикалық бағыты мен көтерілген тақырыптардың өзектілігі ерекше атап өтілді. Тыңдаушылардың көпшілігі оқуды жалғастыруға қызығушылық білдірді.
Жоғары қызығушылық пен оң пікірлерді ескере отырып, Сот төрелігі академиясы референдиат курстарын одан әрі өткізуді, аудиторияны кеңейтуді және құқықтың әртүрлі салаларында мамандардың кәсіби дайындығын тереңдетуді жоспарлауда.