Қазақстан Республикасындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) өкілімен жұмыс кездесу

Қазақстан Республикасындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) өкілімен жұмыс кездесу

Астанада Қазақстан Республикасындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TİKA) өкілі Фуат Ердоғмуш мырза мен Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің өкілдері — Кеңес мүшесі Ернар Бегалиев және Кеңес аппараты бөлімінің меңгерушісі Аида Қайжақпарова арасындағы жұмыс кездесуі өтті.

 Кездесу барысында TIKA өкілдері Жоғары Сот Кеңесі мен сот төрелігі Академиясы қызметінің негізгі бағыттарымен, сондай-ақ Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың басшылығымен іске асырылатын судья кадрларын даярлау мен іріктеу сапасын арттыруға бағытталған бастамалармен танысты.

Кездесу барысында тараптар судья кадрларын даярлау және сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылады. Сот төрелігі академиясы бойынша ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды.

Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыруды, сондай-ақ судьялар мен судья лауазымына кандидаттардың кәсіби дайындығының деңгейін арттыруға бағытталған өзара сапарлар, тағылымдамалар мен іс-шараларды ұйымдастыруды көздейтін ынтымақтастық туралы меморандум әзірлеу және қол қою туралы шешім қабылданды.

Судья кадрларын даярлау саласында тәжірибе алмасу мен үздік халықаралық тәжірибелерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар бұл бағытта белсенді және жүйелі өзара іс-қимыл жасауға дайын екендіктерін білдірді.

Мұндай кездесулер ұлттық судья кадрларын даярлау тәсілдерін жетілдіруге және халықаралық үздік тәжірибені ескеруге ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.