Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
Отырыста Жоғары Сот Кеңесі аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының 175 бос лауазымына жарияланған конкурс пен іріктеудің қорытындысын шығарды. Аталған бос орындарға 421 үміткер қатысты.
Аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары лауазымына 35 судья ұсынылды.
Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары лауазымына 48 адам ұсыным алды, оның 43-і – алғаш рет ұсыным алған кандидаттар, 5-еуі – жұмыс істеп жүрген судьялар.
Кеңес 20 судьяны қызметтерінен босатуға ұсыным берді. Оның ішінде: 13-і – отставкаға шығуына байланысты, 1-еуі – зейнеткерлік жасқа толуына байланысты, 3-еуі – басқа жұмысқа ауысуына байланысты, 3-еуі – өз еркімен қызметтерінен кетуіне байланысты.
Судья лауазымдарына конкурстан ұсыным алған қатысушылар туралы мәліметтер Кеңестің ресми YouTube-каналында отырыстың онлайн-трансляциясы барысында жария етілді және Кеңестің ресми интернет-ресурсында жарияланды.
Жоғары Сот Кеңесі қоғамның сенімін арттыру және судьялар корпусының оң имиджін қалыптастыру мақсатында судьяларды іріктеу мен тағайындау үдерісінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмысын жалғастыруда.