Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста 8 судьяға қатысты 8 тәртіптік іс қаралды.

Істерді қарау қорытындысы бойынша заңдылықты өрескел бұзғаны үшін 6 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды: 4 судьяға қатысты сөгіс түріндегі тәртіптік жаза, 2 судьяға қатысты ескерту түрінде жаза қолданылды.

Сонымен қатар 2 судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу олардың іс-әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, тәртіптік жаза қолданылған судьялар Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Жоғары Сот Кеңесі мен Сот жюриінің қызметі сот жүйесіне деген сенімді нығайтуға, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және тәртіптік рәсімдер шеңберінде олардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Жоғары Сот Кеңесі тәртіптік практиканы жетілдіру және судьялардың кәсібилігі мен жауапкершілігінің жоғары деңгейін қолдауға бағытталған жұмысты жалғастыруда.