«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жоғары Сот Кеңесінің ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Мемлекет басшысының экологиялық бастамаларын қолдау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Д.Малахов, Кеңес мүшелері мен оның Аппаратының қызметкерлері экологиялық акцияға атсалысты.
Кеңес ұжымы елорданың бас мешітінің жанына 60-тан астам қарағай, қайың және шегіршін көшеттерін отырғызды.
Кеңес Төрағасы Д.Малахов мұндай іс-шараларға қатысу ұжымдық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал ететінін және Жоғары Сот Кеңесінің әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарына бейілділігін көрсететінін атап өтті.
Мұндай бастамалар Кеңес қызметінде жақсы дәстүрге айналған және бұл ұжымның бірлігін нығайтуға ықпал етеді.