«Заманауи коммуникациялар» тақырыбындағы семинар-тренинг

«Заманауи коммуникациялар» тақырыбындағы семинар-тренинг

ҚР Жоғары Сот Кеңесінде Кеңес Төрағасы Д. Малаховтың бастамасымен «Заманауи коммуникациялар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шара бекітілген оқыту семинарларының кестесі шеңберінде ұйымдастырылып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» Тұжырымдамасын іске асырудың бір бөлігіне айналды. Кеңес қоғаммен тұрақты және сенімді диалог орнатуға ұмтыла отырып, ашықтық пен айқындық қағидаттарын белсенді түрде енгізуде.

Семинарды іскерлік және қоғамдық коммуникациялар бойынша шақырылған жаттықтырушы — маман, PR-технолог Ақерке Берлібай өткізді.

Іс — шараның негізгі мақсаты- Кеңес мүшелерінің және оның аппаратының қызметкерлерін тиімді, ашық және нәтижелі коммуникация құру дағдыларын дамыту.

Тренинг барысында қатысушылар көпшілік алдында сөйлеу және аудиториямен жұмыс істеу дағдыларын пысықтады: сөйлеуді құрылымдауды, тыңдаушылардың назарын аударуды, әңгімелесу динамикасын басқаруды және күрделі сұрақтарға жауап беруді, сондай-ақ презентация форматын әртүрлі мақсатты топтарға бейімдеуді үйренді.

Тікелей диалог билік пен қоғам арасындағы кері байланыстың негізгі нысандарының бірі ретінде азаматтарды жеке қабылдауға ерекше назар аударылды.

Семинарға Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшелері мен Кеңес аппаратының қызметкерлері қатысты.