ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының ғылыми-білім беру орталығының директоры Ержан Егембердиев «Qazaq radiosy» радиосындағы «Мінбер» бағдарламасына қатысты

ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының ғылыми-білім беру орталығының директоры Ержан Егембердиев «Qazaq radiosy» радиосындағы «Мінбер» бағдарламасына қатысты

ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының ғылыми-білім беру орталығының директоры Ержан Егембердиев «Qazaq radiosy» радиосындағы «Мінбер» бағдарламасына қатысты.

Эфирде Сот төрелігі академиясының қызметі және Академияны дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру талқыланды.

Биыл ақпан айында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малаховтың өкімімен сот білімін жетілдіруге, ғылыми, кадрлық және ұйымдастырушылық әлеуетті күшейтуге, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталған Академияны дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.

Тұжырымдаманы іске асыру Сот төрелігі академиясына сот жүйесінің заманауи талаптары мен сын-тегеуріндеріне сәйкес келетін жоғары білікті судьяларды даярлауда негізгі буын болып қалуға мүмкіндік береді.

«Қазіргі заманғы білім беру саясаты мен қолданылатын оқыту технологияларының арқасында соңғы үш жылда Академия оң нәтижелер көрсетуде: оның түлектерінің 95% — дан астамы біліктілік емтиханын сәтті тапсырып, судьялыққа үміткер болуда», - деп атап өтті Ержан Егембердиев.

Академия сот реформасының уақыт талаптары мен міндеттеріне жауап беретін жаңа буын судьяларын даярлау бойынша күш-жігерін жалғастырады.