Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
ҚР Жоғары Сот Кеңесінің алаңында Кеңес жанындағы Сот төрелігі Академиясы мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Меморандумға қол қою елдің кадрлық әлеуетін дамыту мен нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.
Ынтымақтастық бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асырудан бастап тәжірибе алмасуға және бірлескен іс - шараларды өткізуге дейінгі бағыттардың кең ауқымын қамтиды.
"Қазіргі заманғы сын-қатерлер кәсіби, құзыретті және өзгеріске төзімді кадрларды даярлауға жүйелі көзқарасты талап етеді. Республиканың екі жетекші жоғары оқу орындарының арасында Меморандумға қол қою ашық диалогқа, еліміздің болашағы үшін іс жүзінде өзара іс - қимыл жасауға және күш-жігерді біріктіруге дайын екендігін білдіреді", - деп атап өтті Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Д .Малахов өзінің құттықтау сөзінде.
Меморандумға ҚР Президенті жанындағы МБА ректоры А. Жолманов және ҚР ЖСК жанындағы Сот төрелігі академиясы ректорының міндетін атқарушы К. Мусин қол қойды.
Салтанатты шараға ҚР ЖСК мүшесі Н. Сисенова, ҚР ЖСК аппараты басшысының орынбасары Л. Құрмантаева, ҚР ЖСК аппаратының сот білімі және біліктілік емтиханын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі А. Қайжақпарова, ҚР ЖСК жанындағы Сот төрелігі Академиясының академиялық бағдарламалар мен жобалар Орталығының директоры М. Әбілова, ҚР Президенті жанындағы МБА стратегиялық даму, үйлестіру және әріптестік орталығының директоры қатысты Ж. Тайжанова, ҚР Президенті жанындағы МБА білім беру саясаты орталығының басшысы Г. Жүнісбекова.