Сот төрелігі академиясы референдиат курсының екінші кезеңін бастайды

Сот төрелігі академиясы референдиат курсының екінші кезеңін бастайды

Сот төрелігі академиясы референдиат курсының екінші кезеңін бастайды.

2025 жылғы 4 наурыз бен 2 сәуір аралығында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында пилоттық режимде «Азаматтық-құқықтық дауларды қарау және шешу кезінде құқықтың жекелеген салаларын қолдану ерекшеліктері» тақырыбында референдиаттың онлайн-курсы өткізілген болатын.

Оқуда еліміздің 12 өңірінен 34 маман: адвокаттар, заңгерлер, заң консультанттары, нотариустар, полиция, прокуратура, сот жүйесі және сот сараптамасы институтының қызметкерлері қатысты.

Сауалнама қорытындысы бойынша қатысушылар курстың мазмұны мен ұйымдастырылуын жоғары бағалап,әрі қарай оқуға қызығушылық танытты.

Жобаның жоғары сұранысы мен тиімділігін ескере отырып, 2025 жылғы 23-30 сәуір аралығында курстың «Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын қолданудың теориялық және практикалық аспектілері» атты келесі кезеңі басталады.

Курс «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес судья лауазымына орналасу үшін кандидаттарға белгіленген талаптарға сәйкес келетін тыңдаушыларға арналған.

Курстың мақсаты-тыңдаушыларды қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының негізгі нормативтік ережелерімен таныстыру.

Курстың ұзақтығы - 18 сағат (аптасына екі рет, 14:30-дан 18:00-ге дейін).

Оқу форматы – онлайн.

Өтініш беру мерзімі - 2025 жылдың 21 сәуіріне дейін.

Оқу қорытындысы бойынша сертификат беріледі.

Қатысу үшін тыңдаушының өтініші мен сауалнамасын жіберу қажет.

Курс бағдарламасымен Сот төрелігі академиясының https://sta.edu.kz сайтында танысуға болады.

Толығырақ мына телефондар бойынша:

+7 (7172) 71-08-49, +7-701-700-88-68 (жұмыс уақытында).