ҚР Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының орынбасары Лаура Құрмантаева 24kz телеарнасында «Интервью» бағдарламасына қатысты

ҚР Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының орынбасары Лаура Құрмантаева 24kz телеарнасында «Интервью» бағдарламасына қатысты

ҚР Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының орынбасары Лаура Құрмантаева 24kz телеарнасында «Интервью» бағдарламасына қатысты.

Кездесу барысында ол Кеңес қызметінің негізгі аспектілері жайлы және еліміздің судьялар корпусын қалыптастырудағы рөлі туралы айтты.

Ол Жоғары Сот Кеңесінің қызметі ашықтық, объективтілік және айқындық қағидаттарына негізделгенін атап өтті. Судьяларды іріктеу мен тағайындаудың барлық кезеңдері Кеңестің ресми интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Л. Құрмантаева сондай-ақ Кеңестің құрамы, оның негізгі функциялары және болашақ судьяларды даярлаумен және олардың біліктілігін арттырумен айналысатын Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы туралы хабардар етті.

Сұхбатта судьялардың тәртіптік жауапкершілігі, сондай-ақ біліктілік емтихандарының санын жылына 4-тен 12-ге дейін ұлғайту үшін ішкі рәсімдерді оңтайландыру және судьялық бос жұмыс орындарына орналасуға арналған конкурстар санын жылына 2-ден 6-ға дейін көбейту мәселелері қозғалды. Бұл қалыптасқан вакансияларды уақтылы толтырып қана қоймай, сонымен қатар Жоғары Сот Кеңесінің сот жүйесінің кадр саясатына жауапты орган ретінде тағайындалуын тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Лаура Құрмантаева сондай-ақ судья лауазымына кандидаттарға қойылатын талаптарға, мансаптық ілгерілеуге және кадр резервінің жұмысына назар аударды, бұл резервті дайындауға және Қазақстанның сот билігінің кадр жүйесін нығайтуға көмектеседі.

Ол сондай-ақ Кеңестің ашықтығын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жақсарту туралы айтты. Атап айтқанда, Кеңес Төрағасы Д. Малахов күн сайын азаматтарды, оның ішінде судьяларды да қабылдайды. Төраға Кеңес құзыреті шеңберінде егжей-тегжейлі түсіндірмелер береді.

Жоғары Сот Кеңесі Қазақстанның сот жүйесі үшін кадрларды даярлау және іріктеу процестерін жақсарту, оның тәуелсіздігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жалғастыруда.