Судьялық кәсіптің беделін арттыру және заң қоғамдастығының өкілдерін сот жүйесіне тарту жөніндегі бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі нотариаттық қоғамдастықпен онлайн-кездесулер ұйымдастырды.
Кездесулерге Кеңес мүшелері: С. Әміртаев, О.Цай, А. Айтуарова, Г. Шаров, Н. Сисенова, Ж. Мырзалиев, сондай-ақ Кеңес жанындағы Сот төрелігі академиясының, Республикалық және аумақтық нотариаттық палаталардың өкілдері қатысты.
Екі айдың ішінде 3000-нан астам нотариус Кеңес қызметімен, судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптармен және іріктеу тәртібімен танысуға мүмкіндік алды. Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігі, сондай-ақ судьялар корпусындағы кәсібиліктің маңыздылығы мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Кеңес ұйымдастырған кездесулердің негізгі мақсаты-судья мамандығына деген қызығушылықты арттыру және оның қатарына нотариустар арасынан білікті және тәжірибелі заңгерлерді тарту.
Жоғары Сот Кеңесі нотариаттық қоғамдастықпен жүйелі ынтымақтастық жүргізуде-олардың өкілі Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясына мүшесі болып табылады.
Дмитрий Малаховтың төрағалығымен сот саласына білікті заңгерлерді тарту және әртүрлі құқықтық мамандықтардың өкілдерін біріктіре отырып, судья мамандығының имиджін арттыруға бағытталған жұмыс жалғасуда.