Барлығы: 43 бос орын.
облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқалары төрағаларының бос орындары – 10;
облыстық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындары – 33.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Коституциялық заң) талаптарына сәйкес келетін азаматтарға конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі:
- облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқаларының төрағалары үшін – 30-бабының 4-тармағы;
- облыстық және оған теңестiрiлген соттардың судьялар үшін – 29-бабының 4-тармағы.
Конституциялық заңның мәтіні: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z000000132
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесін Жоғары Сот Кеңесіне жіберу қажет (жүктеу).
Құжаттарды тапсыру кезінде кандидаттардың құжаттарының электрондық көшірмелерін (енгізілетін құжаттардың сканерленген нұсқалары) электрондық жеткізгіште (диск, флеш-карта) қоса беру қажет.
Барлық ұсынылған құжаттарда өзекті ақпарат болуы тиіс, қолы және жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – тіркеу нөмірі және күні болуы тиіс.
Егер конкурсқа қатысушылардың мәліметтері олар құжаттарды тапсырғаннан кейін өзгерсе, онда олар 1 күн ішінде Кеңестің аппаратына жаңартылған ақпаратты (жазаға тартылуы, лауазымының өзгеруі, өзінің немесе жақын туысқандарының қылмыстық жауаптылыққа тартылуы және т.б.) ұсынуы тиіс.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 7-тармағына сәйкес бос судьялық лауазымға орналасуға арналған конкурсқа:
1) егер осы Конституциялық заңның 40-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза алып тасталған күннен бастап бір жылдан аз уақыт өтсе, судьяның;
2) егер Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия оған қатысты осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген шешім шығарған күннен бастап екі жылдан аз уақыт өтсе, судьяның;
3) атқаратын лауазымда екі жылдан аз уақыт жұмыс істеген судьяның;
4) Жоғары Сот Кеңесі мүшесінің қатысуына жол берілмейді.
Құжаттарды ұсыну мерзімдері
Құжаттар 2025 жылғы 15 сәуірді қоса алғанда келесі мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Жоғары Сот Кеңесі.
Құжаттар тиісінше немесе толық рәсімделмеген жағдайда кандидаттар конкурсқа жіберілмейді және құжаттар кері қайтарылады.
Қосымша мәліметтер
Конкурстың қорытындылары туралы ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастырылады (www.vss.gov.kz).
Анықтама алу үшін байланыс телефондары: 8(7172) 75-03-09, 74-96-47, 74-97-63, 74-91-03.
Бос орындар тізімі сілтеме бойынша (өту)