
Жоғары Сот Кеңесінде Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Кеңес Төрағасы Дмитрий Малахов барлық қатысушыларды осы айтулы мерекемен құттықтап, оның мәдени және ұлттық дәстүрлерді нығайту, сондай-ақ қоғамды біріктіру үшін аса маңыздылығын атап өтті.
«Наурыз-табиғаттың жаңару мерекесі, біздің тамырымызға, дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызға құрмет күні. Бұл біз ата-бабаларымыздың даналығына жүгінетін және бізді халық ретінде біріктіретін байланыстарды нығайтатын уақыт. Наурыз бізге өзара көмек, құрмет пен сүйіспеншілікті үйретеді», - деді Д.Малахов.
Салтанатты іс-шара аясында сайыстар ұйымдастырылып, оған үш импровизацияланған ауыл қатысты: Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би.
Қатысушылар әртүрлі номинациялар бойынша өздерінің таланттары мен шеберліктерін көрсетті:
Наурыз дастарханы
Наурыз жұлдызы
Наурыз рухы
Ұлыстың дәмі-наурыз көже
Ұлттық дәстүрдің жанашыры
Спорт шеберлері
Ең шебер әртіс
Ең үздік ауыл (гран-при)
Іс-шара соңында Кеңес Төрағасы жеңімпаздарды марапаттап, барлық қатысушыларға ұлттық дәстүрлерге деген құрметі үшін, оларды сақтау мен одан әрі таратуға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді. Сөз соңында Төраға денсаулық, бақыт және халықтың мәдени мұрасы мен бірлігін нығайтуда одан әрі табыс тіледі.