Дмитрий Малаховтың төрағалығымен ҚР Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Дмитрий Малаховтың төрағалығымен ҚР Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Дмитрий Малаховтың төрағалығымен ҚР Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста сот жүйесінің бірқатар ұйымдық-кадрлық мәселелері талқыланды.

Зейнеткерлік жасқа толған судьялар лауазымында одан әрі болу, судьяны конкурссыз тағайындау, сондай-ақ республика соттарының жекелеген төрағалары мен судьяларын қызметтен босату туралы мәселелер қаралды.

Кеңесте қызметтен босатуға 19 судья ұсынылды, оның ішінде: 12 – отставкаға кетуге байланысты, 1 – шекті жасқа толуына байланысты, 1 – сол сотта қалдыра отырып, төраға лауазымынан өз еркімен, 2 – басқа жұмысқа ауысуына байланысты, 1-өз еркімен, 2 – тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін Сот жюриінің шешімі бойынша.

Сонымен қатар, 2024 жылғы 5 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына заңнамалық түзетулерді іске асыру үшін Кеңес Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында оқуды бітірген және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтар қатарынан аудандық сот судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу үшін жіктеу шкаласын бекітті.

Сондай-ақ, оны қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Жоғары Сот Кеңесінің Регламентіне өзгерістер қаралды және мақұлданды.

Бұдан басқа, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру үшін регламентке түзетулер Кеңес жанындағы екі комиссияны оңтайландыруды көздейді.