Судьяларды іріктеудің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін Жоғары Сот Кеңесі азаматтарды судьялық лауазымдарға орналасуға конкурсқа және іріктеуге қатысатын кандидаттар туралы пікірімен бөлісуге шақырады.
Пікірді кеңестің сайтында ағымдағы жылдың 4 сәуірге дейін «Конкурсқа қатысушылар туралы азаматтардың пікірлері» бөлімінде (өту) қалдыруға болады.
Іріктеу барысында жұртшылықтың пікірімен қатар үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттері де зерделенеді. Бұдан басқа, кандидаттар конкурстық комиссия мүшелерімен сұхбат өтеді, оған адвокатура, прокуратура өкілдері, заң қоғамдастығының өзге де өкілдері, сондай-ақ HR-мамандар кіреді.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты