Наурызнама аясында, Наурыз мейрамы қарсаңында Жоғары Сот Кеңесі аппаратының басшылығы мен қызметкерлері отставкадағы Жоғарғы соттың судьясы, Кеңес жанындағы Сот жюриінің бұрынғы төрағасы Ақылтай Қасымовпен кездесті.
Кездесу барысында Сот жюриінің төрағасы Нұржан Қайыпжан мен Аппарат басшысының орынбасары Лаура Құрмантаева Кеңес Төрағасы Дмитрий Малаховтың атынан құттықтаулар мен жылы лебіздерін жеткізді.
Ақылтай Қасымов-республиканың ең тәжірибелі және беделді судьяларының бірі, 40 жылдан астам судьялық өтілі бар және елдің сот жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан.
Ол Жоғарғы Соттың екі сот алқасының және бірнеше облыстық соттардың төрағасы болды. Сонымен қатар, ол Сот жюриінің Жоғары Сот Кеңесі жанындағы тәуелсіз орган ретінде құрылуының бастауында болды.
Ақылтай Қасымов қызметтік жолында мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.
Оның тікелей қатысуымен және сүйемелдеуімен ҚР барлық мемлекеттік органдары мен Парламентінде сот ісін жүргізуді және сот ісін ұйымдастыруды жетілдіруге, судьялардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ олардың тәуелсіздігі мен қол сұғылмаушылық кепілдіктерін арттыруға бағытталған маңызды заңнамалық актілер әзірленіп, қабылданды.
Бүгінде заң ғылымдарының докторы Ақылтай Қасымов ғылыми және оқытушылық қызметін жалғастыруда.