Наурыз мейрамын мерекелеу қарсаңында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында волейболдан жолдастық турнир ұйымдастырылды.
Турнирге Кеңес мүшелері мен Аппаратының қызметкерлері, Сот төрелігі академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттары қатысты.
Бұл іс-шара командалық рухты нығайтуға, ұжымды біріктіруге және тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
Ерекше көзге түскен ойыншылар келесі номинациялар бойынша марапатталды: "Үздік байланыстырушы" – Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Сапар Әміртаев,"Үздік ойыншы"– Кеңес Аппаратының қызметкері Әйгерім Қыздарбай және"Белсенді ойыншы" – Сот төрелігі академиясының магистранты Даяна Махметова.
Кеңес басшылығы командалық рух пен салауатты өмір салтын дамытуға ерекше назар аударады және бұл іс-шара мереке қарсаңында ұжымды табысты біріктірудің жарқын үлгісі болды.