ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы Нұржан Қайыпжан 24kz телеарнасының «Prime Time» бағдарламасына қатысып, Сот жюриінің қызметіне қатысты заңнамадағы негізгі өзгерістерді талқылады

ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы Нұржан Қайыпжан 24kz телеарнасының «Prime Time» бағдарламасына қатысып, Сот жюриінің қызметіне қатысты заңнамадағы негізгі өзгерістерді талқылады

ҚР Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің төрағасы Нұржан Қайыпжан 24kz телеарнасының «Prime Time» бағдарламасына қатысып, Сот жюриінің қызметіне қатысты заңнамадағы негізгі өзгерістерді талқылады.

2024 жылғы 1 қазаннан бастап судьялардың тәртіптік жауапкершілігінің жаңа тетігі енгізілді. Сот жюриінің төрағасы атап өткендей, енді заңды өрескел бұзу туралы мәселелер тек жоғары тұрған соттың ұсыныстары негізінде қаралатын болады, бұл процесте объективтілік пен әділдікті арттыруға мүмкіндік береді.

Өткен жылы Сот жюриі 77 тәртіптік істі қарады және 40 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оларға ескерту, сөгіс және судья қызметінен босату түріндегі жазалар қолданылды.

Тағы бір маңызды өзгеріс Сот жюриінің құрамын 9-дан 15-ке дейін ұлғайту болды. Қазір оның құрамына Жоғарғы Соттың 4 судьясы, облыстық соттардың 5 судьясы, аудандық деңгейдегі 4 судья және заң қоғамының 2 өкілі кіреді. Бұл, Н. Қайыпжанның айтуынша, әртүрлі сот инстанциялары мен заң қоғамдастығы өкілдерінің пікірлерін ескеріп, неғұрлым объективті шешімдер қабылдауға ықпал етеді.

Сонымен қатар судьялар енді тәртіптік істерді қарау кезінде іс материалдарымен танысуға және адвокаттар немесе заң кеңесшілерін тартуға құқылы. Сот жюриі төрағасының пікірінше, бұл шешім судьялардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және процесте әділеттілікке кепілдік береді.

Сот жюриінің шешімімен келіспеген жағдайда, судья оған Жоғары Сот Кеңесіне шағымдана алады. Кеңес шешімнің күшін жоюға немесе материалдарды қайта қарауға жіберуге құқылы, бұл судьялардың құқықтарын қорғаудың тағы бір сатысын қосады.

Бұл жаңашылдықтардың барлығы сот билігі институттарына деген сенімді арттыруға, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және тәртіптік іс жүргізу шеңберінде олардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Осы мақсатта Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов күн сайын азаматтарды, оның ішінде судьяларды да жеке қабылдайды. Кездесу барысында жұмыс жасап жүрген судьялар тәртіптік жауапкершілік пен мансаптық ілгерілеу мәселелерінен басқа, сот органдарының жұмысын одан әрі жақсарту, конкурстық іріктеу критерийлерін жетілдіру және т.б. ұсыныстарымен келеді. Кеңес өз кезегінде, бұл ұсыныстарды қызметін одан әрі жаңғырту шеңберінде талқылап, назарына алуда.