Барлығы: 87 бос орын.
2024 жылғы 5 шілдеде «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша жеке-жеке кассациялық сот құруды көздейтін түзетулер енгізілді.
2024 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Астана қаласында 3 кассациялық соттар құрылды, олар өз қызметін 2025 жылғы 1 шілдеден бастайды.
Осыған байланысты, Жоғары Сот Кеңесі Астана қаласында кассациялық соттар судьяларының бос лауазымдарына конкурс жариялайды:
- Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот – 39 бос орын;
- Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот – 29 бос орын;
- Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот – 19 бос орын.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес келетін азаматтарға конкурсқа қатысуға мүмкіндік беріледі, кассациялық соттардың судьялары үшін 29-баптың 4-1-тармағы.
Конституциялық заңның мәтіні: http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z000000132
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының
7-тармағына сәйкес бос судьялық лауазымға орналасуға арналған конкурсқа:
1) егер осы Конституциялық заңның 40-бабы 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көзделген тәртіптік жаза алып тасталған күннен бастап бір жылдан аз уақыт өтсе, судьяның;
2) егер Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия оған қатысты осы Конституциялық заңның 44-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген шешім шығарған күннен бастап екі жылдан аз уақыт өтсе, судьяның;
3) атқаратын лауазымда екі жылдан аз уақыт жұмыс істеген судьяның;
4) Жоғары Сот Кеңесі мүшесінің қатысуына жол берілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесін Жоғары Сот Кеңесіне жіберу қажет (өту).
Құжаттарды тапсыру кезінде кандидаттардың құжаттарының электрондық көшірмелерін (енгізілетін құжаттардың сканерленген нұсқалары) электрондық жеткізгіште (диск, флеш-карта) қоса беру қажет.
Барлық ұсынылған құжаттарда өзекті ақпарат болуы тиіс, қолы және жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған жағдайда – тіркеу нөмірі және күні болуы тиіс.
Егер конкурсқа қатысушылардың мәліметтері олар құжаттарды тапсырғаннан кейін өзгерсе, онда олар бір күн ішінде Кеңестің аппаратына жаңартылған ақпаратты (жазаға тартылуы, лауазымының өзгеруі, өзінің немесе жақын туысқандарының қылмыстық жауаптылыққа тартылуы және т.б.) ұсынуы тиіс.
Құжаттарды ұсыну мерзімдері
Құжаттар 2025 жылғы 12 ақпанды қоса алғанда келесі мекен-жайға ұсынылуы тиіс: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Жоғары Сот Кеңесі.
Құжаттар тиісінше немесе толық рәсімделмеген жағдайда кандидаттар конкурсқа қатысуға жіберілмейді және құжаттар кері қайтарылады.
Қосымша мәліметтер
Конкурстың қорытындылары туралы ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің интернет-ресурсында орналастырылады (www.vss.gov.kz).
Анықтама алу үшін байланыс телефондары: 8(7172) 75-03-09, 74-91-03, 74-96-47.