Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті

Бүгін Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда жергілікті соттардың 7 судьясына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қостанай облысы аудандық сотының төрағасына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Аудандық сот төрағасының лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамау жаза қолдануға негіз болды.

Сот жюриінің шешімі заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судья оған Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Сонымен қатар, тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты Алматы гарнизоны әскери сотының судьясына қатысты тәртіптік іс жүргізу тоқтатылды. Алматы қаласы, Абай облысы, Ақмола, Алматы және Жамбыл облыстары аудандық соттарының бұрынғы 5 судьясына қатысты іс жүргізу судья қызметінен босатылуына байланысты тоқтатылды.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты