Жоғары Сот Кеңесінде Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылармен кездесу өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылармен кездесу өтті

Жоғары Сот Кеңесі заң қоғамдастығы өкілдері арасында ақпараттық-түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда.

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде осы жұмыс шеңберінде Кеңес мүшелері мен Аппарат қызметкерлерінің Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттарымен және докторанттарымен кездесуі өткізілді.

Жоғары білікті мамандарды тартуға және судьялар корпусын жаңартуға бағытталған іс-шараға Академияның 30-ға жуық магистранттары мен докторанттары қатысты.

Кездесу шеңберінде қатысушыларға Кеңестің қызметі, біліктілік емтиханын тапсыру тәртібі мен кезеңдері, конкурстық іріктеу және судьяларды мансаптық ілгерілету туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, спикерлер судьяларды іріктеуді жақсартуға, судьялардың тәртіптік жауапкершілігін жақсартуға және т.б. байланысты заңнамалық жаңалықтарға егжей-тегжейлі тоқталды.

Тыңдаушылар арасында эссе жазуға және кейстік міндеттерді шешуге, сондай-ақ тағылымдамадан және психологиялық тестілеуден өтуге байланысты біліктілік емтиханының кезеңдерін талқылау үлкен қызығушылық тудырды.

Кездесу барысында қатысушылар Кеңес мүшелеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Мысалы, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің - магистранттары мен докторанттарын денсаулық жағдайы бойынша жұмыстан шыққан адамдарды біліктілік емтиханынан өтуге жіберу, сондай-ақ судьялардың жалақысын көтеру, өтілін есептеу бойынша құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мысалында судьялар үшін экологиялық жеңілдіктер енгізу мәселелері қызықтырды. Барлық сұрақтарға толық жауаптар беріліп, айтылған ұсыныстар назарға алынды.

Мұндай кездесулер өңірлердегі кандидаттармен Кеңес мүшелерінің осындай кездесулері мен семинарларының жалғасы ретінде дәстүрге айналады. Кеңес мүшелері заң факультеттерінің және басқа да жоғары оқу орындарының студенттерімен, оның ішінде өңірлерге барумен түсіндірме әңгімелер өткізеді деп жоспарлануда.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты