Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда жергілікті сот судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы аудандық сотының төрағасына мен Қостанай облысы аудандық сотының судьясына сөгіс және ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

Азаматтық істі қарау кезінде өзінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамау және заңдылықты өрескел бұзу жаза қолдануға негіз болды.

Тәртіптік жаза қолданылған судьялар өздеріне байланысты қабылданған шешімдерге қатысты Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы, сол себепті Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, заңнамада көзделген негіздер бойынша Сот жюриі Жоғарғы соттың апелляциялық сатыдағы сот актісінің күшін жоюына байланысты, оның шығарылуы тәртіптік іс жүргізуді қозғауға негіз болған, сондай-ақ тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына және оның елеусіздігіне байланысты аудандық соттардың 4 судьясына қатысты іс жүргізуді тоқтатылды.

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты