Жоғары Сот Кеңесінің ақпараттық хабарламасы

Жоғары Сот Кеңесінің ақпараттық хабарламасы

Жаңалықтар порталдарында көптеген жарияланымдардың шығуына байланысты Жоғары Сот Кеңесі келесіні түсіндіруді жөн көреді.

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Н.Б. Шетеновтің берген өтінішіне сәйкес ол 2023 жылы 6 қазанда осы соттың судьясы болып қалдырыла отырып, төраға қызметінен босатылды.

Қылмыстық істі қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін Н.Б. Шетеновті тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы тәртіптік іс Сот жюриінің қарауында.

Тәртіптік іс бойынша шешім Сот жюриі отырысының қорытындылары бойынша қабылданатын болады.