Жоғары Сот Кеңесі заң және судьялар қоғамдастығының өкілдерімен Кеңестің құзыретіне кіретін қызмет туралы ақпараттық-түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.
Осы жұмыс шеңберінде а.ж. 28 қыркүйек пен 27 қазан аралығында Кеңес мүшелері еліміздің аймақтарына барып, онда судьялар корпусын жаңартуға және жоғары білікті мамандарды тартуға бағытталған заңгерлермен кездесулерді өткізеді.
Жоғары Сот Кеңесінің мүшелерімен кездесулерге судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыруға (прокурорлар, адвокаттар, басқа мемлекеттік органдардың заңгерлері, корпоративтік құқық, салық салу, зияткерлік меншік, жер қойнауын пайдалану салаларының заңгерлері және т. б.), судья лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар (судья лауазымына біліктілік емтиханын сәтті тапсырған кандидаттар, магистранттар, судьялар, құқықтың жекелеген салаларының мамандары және т.б.), сондай-ақ судьялар, сот төрағалары, жоғары тұрған және басшы судьялық лауазымдарға кадр резервінде болғысы келетіндер шақырылады.
Кездесулер барысында қатысушылар Кеңес мүшелеріне біліктілік емтиханына, конкурстық іріктеуден өтуге және судьяларды мансаптық ілгерілетуге қатысты сұрақтар қоя алады, сондай-ақ судьяларды іріктеу сапасын жақсарту және сот корпусын жаңарту жөніндегі заңнамалық өзгерістер туралы толығырақ біле алады.
Іс-шаралар облыстық және оларға теңестірілген соттарда өтеді. Кездесу кестесі қоса беріледі.
Кеңес мүшелерінің заң және судьялар қоғамдастығының өкілдерімен түсіндіру жұмыстарына шығу кестесі:
№ |
Аймақ |
Күні |
1. |
Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары |
28 қыркүйек - Петропавл 29 қыркүйек - Көкшетау |
2. |
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары |
28 қыркүйек - Ақтөбе 29 қыркүйек - Орал |
3. |
Павлодар және Қостанай облыстары |
4 қазан - Павлодар 6 қазан - Қостанай |
4. |
Атырау және Маңғыстау облыстары |
5 қазан - Атырау 6 қазан - Ақтау |
5. |
Қарағанды облысы және Ұлытау облысы |
12 қазан - Қарағанды 13 қазан - Жезқазған |
6. |
Жетісу облысы |
13 қазан - Талдықорған |
7. |
Алматы қаласы және Алматы облысы |
19 қазан - Алматы 20 қазан - Қонаев |
8. |
Қызылорда және Жамбыл облыстары |
19 қазан - Қызылорда 20 қазан - Тараз |
9. |
Шығыс Қазақстан облысы және Абай облысы |
24 қазан - Өскемен 26 қазан - Семей |
10. |
Шымкент қаласы және Түркістан облысы |
26 қазан - Шымкент 27 қазан - Түркістан |
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты