2023 жылғы 22 қыркүйекте Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті, отырыста сот жүйесінің ұйымдық-кадрлық мәселелері қаралды.
Отырыста Кеңес Павлодар облысы аудандық соты судьясының лауазымынан босату түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Сот жюриінің шешімдеріне шағымдану туралы өтініштерін қарады. Талқылау қорытындысы бойынша Сот жюриінің бір шешімі тәртіптік іс жүргізуді тоқтата отырып жойылды, екінші шешім негізді деп танылды, судья атқаратын лауазымынан босатуға ұсынылды.
Сондай-ақ Кеңес мүшелері Жоғарғы Сот судьясының, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстары аудандық соттарының зейнеткерлік жасқа толған төрағасының және үш судьясының судья лауазымында болу мерзімін ұзарту туралы өтініштерін қарады. Қарау қорытындысы бойынша судьялардың өкілеттік мерзімдерін ұзартудан 4 судьяға бас тартылды, 1 судьяның өтініш хаты қанағаттандырылды.
2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап ювеналды соттардың соттылығына балалардың мүдделеріне қатысты даулар бойынша азаматтық істердің кейбір санаттары қосымша берілді. Осыған байланысты Кеңес жергілікті соттардың 55 судьясын ювеналды соттардың судьялары конкурстан тыс тағайындау туралы ұсынымдар берді. Сонымен қатар, өкілеттік мерзімі өткен аудандық соттардың 2 төрағасын, сондай-ақ штат саны азайған соттардың 2 судьясын басқа аудандық соттардың судьялары конкурстан тыс ұсынған.
Сонымен қатар, басқа лауазымға сайлануына, отставкаға кетуіне, зейнеткерлік немесе шекті жасқа толуына, басқа жұмысқа ауысуына байланысты, өз еркімен және Сот жюриінің шешімі бойынша 36 судья қызметінен босатуға ұсынылды. Аудандық соттың бір төрағасы өз еркімен атқаратын қызметінен босатылды.
Атап айтқанда, Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Н. Б. Шетенов «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 34-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес, ол осы соттың судьясы қалдыра отырып, өз еркімен атқаратын лауазымынан босатуға ұсынылды.
Қазіргі уақытта Сот жюриінің қарауында Н.Б. Шетеновке қатысты тәртіптік іс тұр, ол бойынша Сот жюриінің отырысында шешім қабылданатын болады.
Оның үстіне, отырыс барысында Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді, лауазымға алғаш тағайындалған және кәсіби қызметін бағалаудан сәтті өткен аудандық соттардың 6 судьясының бір жылдық жұмысының нәтижелері бекітілді.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты