Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті сот судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы аудандық сотының төрағасы мен Астана қаласы аудандық сотының судьясы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Судьяларды жауапқа тартуға сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты өрескел бұзу негіз болды.

Сот жюриінің бұл шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судьялар оларға Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Сондай-ақ, Астана қаласы сотының бұрынғы судьясына және Алматы облысы аудандық сотының судьясына қатысты судьяның өз еркімен қызметінен босатылуына және тәртіптік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімінің өтуіне байланысты екі тәртіптік іс жүргізу тоқтатылды.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты