Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 23 ақпанында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті сот судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысы аудандық сотының бір судьясы сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Судьяны жауапқа тартуға сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты өрескел бұзу негіз болды.

Сот жюриінің бұл шешімі заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судья оған Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Сондай-ақ, Астана қаласы мен Қызылорда облысының аудандық және облыстық соттарының судьяларына қатысты теріс қылық құрамының болмауына немесе оның елеусіздігіне байланысты 4 тәртіптік іс жүргізу тоқтатылды.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты