Судья болғысы келетіндер үшін Жоғары Сот Кеңесі онлайн-семинар өткізеді

Судья болғысы келетіндер үшін Жоғары Сот Кеңесі онлайн-семинар өткізеді

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында сағат 15:00-де Жоғары Сот Кеңесі «zoom» қосымшасын пайдалану арқылы онлайн-форматта өтетін «Судья қалай болуға болады» тақырыбында семинар өткізеді.

Семинарға судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыруға және судья лауазымдарға конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген барлық заңгерлер қатыса алады.

Қатысушыларға тестілеуге, эссе жазуға және кейс тапсырмаларын шешуге қойылатын негізгі талаптар туралы ақпарат беріледі: неден аулақ болу керек, не іздеу керек және үміткерлер жиі жіберетін қателіктер.

Семинарға сілтеме - https://us02web.zoom.us/j/86257216213?pwd=a25TRTFQREgwMmtJVEdlRFZ2cDFVUT09, конференция идентификаторы – 862 5721 6213, кіру коды – 076086.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты