Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті сот судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы мен Қызылорда облысы аудандық соттарының үш судьясына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Атырау облысы аудандық сотының тағы бір судьясы сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Судьяларды жауапқа тартуға сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты өрескел бұзу және судьялардың этикасына қайшы келетін теріс қылық жасау негіз болды.

Сот жюриінің бұл шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судьялар 9 Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Қостанай және Жамбыл облыстары аудандық соттарының екі судьясына қатысты Сот жюриі тәртіптік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімдерінің өтуіне және судьяның өз қалауы бойынша қызметінен босатылуына байланысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтатты.  

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты