Жоғары Сот Кеңесінің отырысы туралы

Жоғары Сот Кеңесінің отырысы туралы

2022 жылғы 17 қарашада Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда сот жүйесінің ұйымдастырушылық-кадрлық мәселелері қаралды.

Отырыс барысында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының жаңартылған құрамы бекітілді. Комиссия құрамында Бас прокуратура мен Республикалық нотариаттық палатаның өкілдері ауыстырылды.

Сондай-ақ, Жоғарғы Соттың кейбір жергілікті соттарды оңтайландыру, жою, қайта атау және олардың штат санын өзгерту туралы ұсынысы қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері Астана және Шымкент қалаларында бірінші сатыдағы соттарды қайта ұйымдастыруға, бір аудандық әкімшілік-аумақтық бірліктің шекарасында екі немесе үш соттан тұратын 7 аудандық сотты таратуға және республиканың бірқатар соттарының атауын өзгертуге, сондай-ақ кейбір соттар судьяларының штат санын өзгертуге келісім берді.

Сонымен қатар, Кеңес Жоғарғы Сот ұсынған судьяларды Ұлытау облысы сотының және Қостанай облыстық сотының төрағалар лауазымдарына тағайындауға ұсынды.

Бұдан басқа, Кеңес мүшелері Абай, Жетісу, Ұлытау облыстық соттардың алқа төрағалары мен судьяларының және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарады.

Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымды 51 адам алды, оның ішінде:

9 - облыстық соттар алқаларының төрағалары лауазымдарына;
13-облыстық соттардың судьялары лауазымдарына;
7-аудандық соттар төрағаларының лауазымдарына;
22-аудандық соттардың судьялары лауазымдарына.

Ұсыным алған тұлғалар туралы толық ақпарат қосымша ұсынылады.

Отырыс барысында Кеңес мүшелері зейнеткерлік жасқа толған 3 судьяға қызмет мерзімін ұзартуға келісім берді және республика соттарының бірқатар судьяларын атқаратын лауазымдарынан босатуға ұсынды. Соттарды қайта құру, отставкаға кету, шекті жасқа жету, басқа жұмысқа ауысу, өз қалауы, сот төрағасының өкілеттік мерзімінің аяқталуы негіз болды.

Сондай-ақ Маңғыстау облысы аудандық соты төрағасының Сот жюриінің тәртіптік жаза қолдану туралы шешіміне ескерту түрінде шағымдану туралы өтініші қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша Сот жюриінің шешімі негізді деп танылды.

Сонымен қатар, отырыс шеңберінде бірқатар соттарды таратуға және әкімшілік-аумақтық құрылымдағы өзгерістерге байланысты шалғайдағы соттар тізбесіне түзетулер енгізілді.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты