Судья лауазымына үміткерлер үшін тегін курстар ұйымдастырылды

Судья лауазымына үміткерлер үшін тегін курстар ұйымдастырылды

Жоғары Сот Кеңесі мен М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU университеты арасында судья кадрларын іріктеу жүйесін жетілдіру шеңберінде ынтымақтастық туралы меморандум жұмыс істейді.

Меморандумда университеттің судьяларды іріктеу мәселелеріне қатысуы, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесінің KAZGUU университетінде оқитын болашақ заңгерлерді даярлауына қатысуға көзделген.

Меморандумға сәйкес а.ж. 3-4 қазанда Жоғары Сот Кеңесі университетпен бірлесіп, біліктілік емтиханының кейбір кезеңдеріне (тестілеу, эссе жазу және кейстік тапсырмаларды орындау бойынша) үміткерлерді даярлау бойынша тегін онлайн-курстар өткізілді.

Семинарға судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсырғысы келетін барлық заңгерлер қатыса алды. Ұйымдастырылған курстарға барлығы 200-ден астам адам қатысты.

Қатысушыларға тестілеуге, эссе жазуға және кейс тапсырмаларын орындауға қойылатын негізгі талаптар: неден аулақ болу, қандай ақпарат іздеу керек екенін және үміткерлер жиі жіберетін қателіктер туралы ақпарат берілді.

Курстардың соңында Кеңес пен KAZGUU университетінің өкілдері қатысушыларды қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

Семинарға қатысу мүмкіндігі болмаған үміткерлер үшін Жоғары Сот Кеңесінің сайтында тиісті материалдар орналастырылған (кейс тапсырмалары, эссе).

 

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты