Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті соттардың судьяларына қатысты бірқатар тәртіптік істер қаралды.   

Отырыс қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының аудандық соттарының, сондай-ақ Ақмола гарнизоны әскери сотының төрт судьясына қатысты ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Қарағанды облысы аудандық соттарының төрағасы мен судьясына сөгіс жарияланды. Бұдан басқа, Жамбыл облысы аудандық сотының бір судьясына қатысты судья қызметінен босату туралы шешім қабылданды.

Судьяларды жауапқа тартуға сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты бұзу және судьялардың этикасына қайшы келетін теріс қылық жасау негіз болды.

Бір тәртіптік іс судьяның қызметінен босатылуына байланысты тоқтатылды.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты