Жоғары Сот Кеңесінің отырысы туралы

Жоғары Сот Кеңесінің отырысы туралы

2022 жылғы 7 қыркүйекте Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысы барысында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының соттары судьяларының Сот жюриінің оларға тәртіптік жаза қолдану туралы шешімдеріне шағымдану туралы 4 өтініші қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Сот жюриінің барлық шешімдері негізді деп танылды, осыған байланысты үш судьяға қатысты Кеңес оларды атқаратын қызметтерінен босату туралы ұсыным қабылдады.

Сонымен қатар Кеңес соттың бір төрағасын орнынан түсуіне байланысты қызметтен босату туралы ұсыным шығару мәселесін қарады.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты