Судья лауазымына біліктілік емтиханының нәтижелері бойынша Ақпарат

Судья лауазымына біліктілік емтиханының нәтижелері бойынша Ақпарат

Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының отырысында судья лауазымына кезекті біліктілік емтиханының қорытындысы шығарылды.

Эссе жазу, кейс тапсырмаларын шешу және Біліктілік комиссиясының мүшелерімен әңгімелесуге қатысқан 13 үміткердің ішінен әңгімелесу нәтижелері бойынша 8 адам біліктілік емтиханын сәтті тапсырды (6 - сот жүйесінің қызметкерлері, 1 - адвокат, 1 - прокурор).