Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті соттардың судьяларына қатысты бірқатар тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша төрт судьяға қатысты: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, сондай-ақ Алматы облысының соттарына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы сотының бір судьясына қатысты қызметінен босату туралы шешім қабылданды.

Судьяларды жауапкершілікке тарту үшін сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты бұзу және судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасау негіз болды.

Тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімінің аяқталуына байланысты екі судьяға: Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысының аудандық соттарына қатысты тәртіптік іс жүргізу тоқтатылды.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты