Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясымен кездесті

Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясымен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне Қырғыз Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы келді.

Қырғызстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Замирбек Базарбеков бастаған делегация құрамына Жоғарғы Соттың судьялары, Жоғарғы Сот аппаратының лауазымды тұлғалары және Еуропалық Одақтың "Қырғыз Республикасындағы құқық үстемдігі"бағдарламасының өкілдері кірді.

Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы сот корпусына жоғары білікті мамандарды тарту бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтты.

Сондай-ақ қатысушылардың назарына Кеңес қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде біліктілік емтиханын және конкурстық іріктеуді өткізу, судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру және Сот жюриінің жұмысы туралы ақпарат ұсынылды.

Өз кезегінде Қырғыз Республикасы Жоғарғы Соты делегациясының қатысушылары судья лауазымына кадрлар тағайындауға, судьяларды жауапкершілікке тартуға және басқаларға қатысты бірқатар сұрақтар қойды.

Соңында судьялар корпусына кадрларды іріктеудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды.

 

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты