Облыстық соттарға жеке конкурс өткізу үшін құқық салаларының тізбесін бекіту туралы

Облыстық соттарға жеке конкурс өткізу үшін құқық салаларының тізбесін бекіту туралы

Мемлекет басшысы 2020 жылғы қыркүйек айында «Жаңа Жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Жоғары Сот Кеңесіне сот төрелігін іске асыруға жаңа кәсіби кадрларды тарту жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

Осы тапсырманы іске асыру мақсатында 2021 жылғы 20 желтоқсандағы заңнамалық түзетулермен жекелеген оңтайландырылған конкурс шеңберінде құқықтың жекелеген салаларында мамандар болып табылатын адамдардың облыстық сот судьясы лауазымына орналасу мүмкіндігі көзделген.

Мұндай құқық салаларының тізбесін Жоғарғы соттың ұсынысы бойынша Жоғары Сот Кеңесі бекітеді. Осыған байланысты, Жоғары Сот Кеңесінің ағымдағы жылдың 5 мамырдағы отырысында салық, корпоративтік, экологиялық, жер, қаржы құқығы, зияткерлік меншік құқығы және жер қойнауын пайдалану кіретін құқық салаларының тиісті тізбесі бекітілді.

Құқықтың осы салаларын айқындау кезінде жоғарыда аталған құқық салаларында арнайы білімді талап ететін келіп түскен және қаралған істердің саны, олар бойынша сот актілерінің күшін жою және оларды өзгерту саны, сондай-ақ осындай істерді қарауға қабілетті судьяларға қажеттілік ескерілді.

 

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты