Жоғары Сот Кеңесі жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына кадр резервіне қабылданған адамдардың кезекті тізімін бекітті

Жоғары Сот Кеңесі жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына кадр резервіне қабылданған адамдардың кезекті тізімін бекітті

Жоғары Сот Кеңесінің 2022 жылғы 5 мамырдағы шешімімен аудандық және оған теңестірілген сот төрағасы, облыстық және оған теңестірілген сот төрағасы, сот алқасының төрағасы және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымдарына кадр резервіне қойылған адамдардың кезекті тізімі бекітілді. Барлығы 60 кандидат қабылданды.

Іріктеу кезінде қазіргі заманғы HR-технологиялар қолданылды, оның ішінде кандидаттардан сұхбат алынды, сондай-ақ судьялар қауымдастығы мен азаматтық қоғамның пікірі де ескерілді.

Кадр резервін қалыптастыру кезінде айқын және бәсекеге қабілетті тетіктерге негізделген судьяларды конкурстық іріктеу жүйесінің элементтері белсенді түрде пайдаланылды.

Кеңес жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссия барлығы 225 адамды қарады, одан кадр резервіне 60 кандидат (27%) іріктелді, оның ішінде 6 – судья лауазымдарының екі санатына резервке қойылды. Іріктелген кандидаттардың толық тізімімен осы сілтеме бойынша танысуға болады.

Резервке қабылдау үшін кандидаттарды іріктеу кезінде Кадр резерві жөніндегі комиссия мынадай критерийлерді басшылыққа алды:

меритократия принципінің сақталуы; 
сот төрелігін іске асырудың жоғары сапасы;
үлкен судьялық өтіл мен жұмыс тәжірибесі;
кандидаттың мінсіз беделі және оның беделіне нұқсан келтіретін мәліметтердің болмауы.

Резервте тұру мерзімі – үш жыл.

Кадр резерві жөніндегі комиссия жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына резервке кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Жақын уақытта кадр резервін қалыптастырудың кезекті кезеңіне өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталады.

Осы сілтеме бойынша өзекті кадр резервінің толық тізімімен танысуға болады, онда 140 кандидат бар, оның ішінде 9-ы – судья лауазымдарының екі санатына резервте тұр.

Кадр резервінде тұрған адамдар судьялық бос орныға конкурсқа қатысқан кезде іріктеу кезеңдерін (цифрландырылған, бағалау және сұхбат алу) қайтадан өтуден босатылады.

Сонымен қатар, осы сілтеме бойынша кадр резервінен шығарылған адамдардың тізімімен танысуға болады.