Ағымдағы жылдың 3 наурызында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті соттардың 9 судьясына қатысты 9 тәртіптік іс және тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу бойынша бір материал қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар судьялар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының төрт судьясына қатысты сөгіс және ескерту түрінде тәртіптік жазалар қолданылды. Судьяларды жауапкершілікке тартуға сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты бұзу және судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасау негіз болды.
Судья әдетіне қайшы келетін теріс қылық жасаған Алматы қалалық сотының судьясына қатысты судья лауазымынан босату туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, заңнамада көзделген негіздер бойынша Сот жюриі Ақмола, Қарағанды, Түркістан және Ақтөбе облыстарының судьяларына қатысты төрт тәртіптік істі ауызша сөгіс жариялаумен (судья лауазымынан босатуға байланысты жасалған тәртіптік теріс қылықтың маңыздылығы аз болғандықтан) тоқтатылды.
Бұдан басқа, Қарағанды облыстық соты судьясының бұрын қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы өтініші қанағаттандырылды.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты