2021 жылғы 21 шілдедегі конкурстің екінші кезеңінің қатысушылары үшін ақпарат

2021 жылғы 21 шілдедегі конкурстің екінші кезеңінің  қатысушылары үшін ақпарат

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты осы жылдың 24 желтоқсанында конкурстың екінші кезеңін өткізу туралы хабарландыру орналастырды.

Үміткерлердің өтініштер жіберген кезде жіберген көптеген қателіктеріне байланысты Кеңес Аппараты келесіні түсіндіру қажет деп санайды.

  1. Конкурстың екінші кезеңіне осы конкурстың бірінші кезеңіне қатысқан тұлғалар ғана қатысуға құқылы. 2021 ж. 21.07. конкурстың бірінші кезеңіне қатыспаған тұлғалар осы конкурстың екінші кезеңіне қатыса алмайды.
  2. Конкурстың екінші кезеңінде үміткерлерге бірінші кезең шеңберінде ҚАТЫСПАҒАН лауазымдарды ғана көрсету қажет. Конкурста үміткерлердің бірінші кезең шеңберінде қатысқан лауазымдарға қатысу жол берілмейді.
  3. Өтініштер мен өзге де құжаттар, олар болған жағдайда, электрондық форматта 31 желтоқсанға, Нұр-Сұлтан қ.уақыты бойынша сағат 18:30-ға дейін қабылданады. Өтініштердің және өзге де құжаттардың түпнұсқалары келесі мекенжай бойынша қолма-қол жіберіледі: Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі», 1Б-кіреберіс, Жоғары Сот Кеңесі.