Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі судьялардың бос орындарына орналасу үшін конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі
2021 жылғы 21 шілдедегі конкурс өткізілген жоқ деп танылған аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының, облыстық және оларға теңестірілген сот алқалары төрағаларының бос орындарына
конкурстың екінші кезеңін жариялайды

 

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы;

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 2 бос орын.

 

Алматы қаласы бойынша:

облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Алмалы ауданы № 2 аудандық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын;
Жетісу ауданы № 2 аудандық соты (қылмыстық юрисдикция) – 1 бос орын;
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 3 бос орын;
әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын.

 

Шымкент қаласы бойынша:

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Абай аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Еңбекші аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын.

 

Ақмола облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Егіндікөл аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Ерейментау аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Жарқайың аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция).

 

Ақтөбе облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы;

 

Алматы облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Кеген аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Алакөл ауданы № 2 сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Саркан аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты – 1 бос орын;
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты – 1 бос орын.

 

Атырау облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Исатай аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Құрманғазы аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы;

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын.

 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша:

облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
Абай аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Глубокое аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Катонқарағай аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Жарма ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Катонқарағай ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Күршім ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Тарбағатай ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы;

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Күршім аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Тарбағатай аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Өскемен қалалық соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын.

 

Жамбыл облысы бойынша:

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын.

 

Қарағанды облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Ақтоғай аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қарқаралы аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Сәтпаев қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
№ 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотының төрағасы;
Балқаш қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы.

 

Қостанай облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Арқалық қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикия);
Лисаковск аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Жанкелдин аудандық соты (жалпы юрисдикия) – 1 бос орын.

 

Қызылорда облысы бойынша:

облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Сырдария аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын.

 

Маңғыстау облысы бойынша:

облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
Маңғыстау аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Жаңаөзен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы;

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
мамандырылған ауданаралық экономикалық соты – 1 бос орын;
Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу соты – 1 бос орын;
Ақтау қаласының № 2 соты (азаматтық юрисдикция) – 1 бос орын.

 

Павлодар облысы бойынша:

облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы;
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы;
Тереңкөл аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Успен аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция).

 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Айыртау аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Ақжар аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Жамбыл аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Мамлют аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Айыртау ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Тайынша ауданы № 3 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы;
Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Мағжан Жұмабаев ауданы сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);

 

Түркістан облысы бойынша:

жергілікті және басқа да соттар судьяларының лауазымдарына:
Кентау қалалық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Мақтаарал аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 1 бос орын;
Ордабасы аудандық соты (жалпы юрисдикция) – 2 бос орын;
Сарыағаш ауданының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты – 1 бос орын.

 

әскери соттар бойынша:

аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына:
Ақтөбе гарнизоны әскери сотының төрағасы;

 

Барлығы: 74 лауазым.

«Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңның 18-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес егер конкурс нәтижесінде ұсынылған бос лауазымдарға кандидаттар іріктеп алынбаса, онда мұндай бос лауазымдар бойынша конкурс өткізілмеді деп танылады және судья лауазымдарына конкурсқа қатысқан, бірақ оларға іріктеліп алынбаған кандидаттарға олардың келісуімен, конкурс қорытындылары бойынша толтырылмай қалған басқа судья лауазымдары ұсынылуы мүмкін.

Осыған байланысты 21.07.2021 жылғы конкурсқа қатысқан адамдар және олар жоғарыда көрсетілген конкурс өтпеді деп танылған бос судья лауазымдарына орналасуға өтініш бермегендер Кеңеске тиісті өтініш беруге құқылы.

Бірінші кезең шеңберінде бос лауазымдар үшін конкурсқа  қатысқан кандидаттарға қайта конкурсқа қатысуға жол берілмейді.

Бірінші кезең шеңберінде облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары лауазымдарына конкурсқа қатыспаған жұмыс істеп жүрген судьялар судьяның кәсіби қызметін бағалау нәтижелері туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссиясының шешімін, Жоғарғы Соттың Жалпы отырысының қорытындысын, сондай – ақ кандидаттың ұйымдастырушылық қабілеті туралы мәліметтерді қамтитын бірінші басшының сипаттамасын қосымша ұсынады (басшы лауазымдарда  жұмыс тәжірибесінің болуы, сот төрағасы міңдеттерінің уақытша жүктелуі және т.б.).

Бірінші кезең шеңберінде аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары лауазымдарына конкурсқа қатыспаған жұмыс істеп жүрген судьялар судьяның кәсіби қызметін бағалау нәтижелері туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімін, сондай – ақ кандидаттың ұйымдастырушылық қабілеті туралы мәліметтерді қамтитын бірінші басшының сипаттамасын қосымша ұсынады (басшы лауазымдарда  жұмыс тәжірибесінің болуы, сот төрағасы міңдеттерінің уақытша жүктелуі және т.б.).

Үміткерлер конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін Жоғары Сот Кеңесі Төрағасының атына қолы мен күні қойылған қосымша өтініш ұсыну тиіс.

Қосымша өтініш Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің электрондық мекенжайына konkurs@vss.gov.kz ұсынылуы тиіс, өтініштің түпнұсқасы келесі мекенжайға жіберілу тиіс: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі.

Анықтама үшін телефондар: 8(7172)74-91-03, 75-16-36, 74-95-42.

  

Қазақстан Республикасының
Жоғары Сот Кеңесі