Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері арнайы ұйымдастырылған брифингте бірқатар судья лауазымдарына жарияланған конкурстың қорытындылары туралы баяндап берді.

Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері арнайы ұйымдастырылған брифингте бірқатар судья лауазымдарына жарияланған конкурстың қорытындылары туралы баяндап берді.

Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері арнайы ұйымдастырылған брифингте   бірқатар судья лауазымдарына жарияланған конкурстың қорытындылары туралы баяндап берді.

Атап айтсақ, келесідей бос орындарға жарияланған конкурс қорытындыланды:

Облыстық соттың сот алқасы төрағасы – 6 (54 үміткер құжат тапсырған);

Облыстық соттың судьясы – 18 (97 үміткер құжат тапсырған);

Аудандық соттың төрағасы – 82 (166 үміткер құжат тапсырған);

Аудандық соттың судьясы – 176 (334 үміткер құжат тапсырған).

Кандидаттар саны лауазымдар мен аумақтарға байланысты өзгеріп отырды. Мәселен, Алматы қаласындағы аудандық соттардағы 1 бос лауазымға 30 адамға дейін құжат тапсырған. Ал, аз құрамдағы және шалғай орналасқан соттардағы 24 бос орынға ешкім өтініш берген жоқ.

Конкусрт қорытындысы бойынша, Кеңес келесі лауазымдарға үміткерлерді іріктеп алды:

облыстық соттың сот алқасы төрағасы лауазымына - 1;

облыстық соттың судьясы лауазымына - 13;

аудандық сот төрағасы лауазымына - 40;

аудандық соттың судьясы лауазымына - 108.

Облыстық соттың сот алқасы төрағасы лауазымына іріктеліп алынған судья өте тәжірибелі маман. Жасы 42-де, заңгерлік еңбек өтілі - 21 жыл. Сот жүйесіндегі еңбек өтілі - 15 жыл.

Облыстық соттың судьясы лауазымына іріктеліп алынғандардың орташа жасы - 48, заңгерлік еңбек өтілі - 23 жыл. Сот жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі - 16 жыл.

Аудандық соттың төрағасы лауазымына іріктеліп алынғандардың орташа жасы - 43, заңгерлік еңбек өтілі - 18 жыл. Сот жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі - 9,5 жыл.

Жүргізілген конкурс шеңберінде 44 адам маңсаптық жолында ілгерілеуге қол жеткізді. олардың қатарында кадр резервінде тұрған 6 маман бар. 

Аудандық соттың судьясы лауазымына ұсынылғандар қатарында жеке және корпоративтік сектор заңгерлері, мемлекеттік органдардың заңгер-мамандары, адвокаттар, прокурорлар, академиялық орта өкілдері, сот жүйесінің қызметкерлері және көлденеңінен жылжыған судьялар.

Ұсынылған тұлғалардың орташа заңгерлік еңбек өтілі – 15 жыл. Орташа жасы – 39 жыл.

Аудандық соттың судьясы лауазымына тұңғыш рет ұсынылғандардың 80 пайызынан астамы ғылым кандидаты, немесе магистр дәрежесіне ие. Атап айтсақ, бір іріктеліп алынған үміткер ғылым кандидаты. 48-і – құқық магистры атағын иеленгендер, соның ішінде 47 мамандандырылған академияның түлектері.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты