Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

22-ші желтоқсан күні Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті. 

Жиында сот алқалары төрағалары, облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьялары лауазымдарына, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары мен төрағалары лауазымдарына жарияланған конкурс қорытындыланды. 

Сонымен қатар, Кеңес республиканың бірқатар соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларды лауазымдарынан босату мәселесін қарады. 

Кеңес сонымен қатар Жоғарғы Сот Төрағасымен зейнет жасына жеткен 3 судьяның қызметін атқару мерзімін ары қарай ұзартуға өз келісімін берді. 

Отырыс шеңберінде Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі Комиссияның шешімдеріне арызданған 6 судьяның шағымдары қаралды және 2022 жылы бос судья лауазымдарына конкурстар жариялау кестесі бекітілді. 

Қабылданған шешімдер туралы толық ақпарат Кеңестің ресми сайтында жарияланатын болады. 

 

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты