Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

2021 жылдың 19 қарашасында Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында Кеңес республикадағы бірқатар жергілікті соттардың штаттық құрылымын өзгертуге келісімін берді. Сот төрелігінің сапасын арттыру мақсатында Кеңес Шымкент қалалық сотының штаттық құрылымын Солтүстік Қазақстан облыстық сотының есебінен бір штаттық данаға ұлғайтуға келісім берді.

Отырыста сонымен қатар Кеңес мүшелері Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстық соттарының төрағалары лауазымдарына үміткерлерді ұсынды.

Бұдан бөлек, қарау нәтижесі бойынша, Кеңес зейнет жасына жеткен судьяның лауазымында қалу мерзімін ұзартуға келісім берді. 

Сонымен қатар, Кеңес сот алқасының төрағасы, сот төрағасы және бірқатар судьяларды түрлі себептермен лауазымдарынан босату туралы ұсыныс берді. Солардың ішінде Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Е. М. Ғабдуллин мен Алматы облысындағы Ұйғыр аудандық сотының судьясы Р.А. Сүлейменовты лауазымдарынан босату ұсынылды. Аталған тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталып, оларға қатысты сот үкімдері күшіне енген.

 

Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты