Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 21 қазанында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің отырысында жергілікті соттардың судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша бес судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде Қарағанды облысы мен Шымкент қаласының аудандық соттарының екі судьясына ескерту түрінде жаза қолданылды, Ақтөбе және Алматы облыстарының аудандық соттарының екі судьясына сөгіс жарияланды.

Судьяларды жауапкершілікке тартуға сот төрелігін жүзеге асыру кезінде материалдық және процессуалдық құқық нормаларының бұзылуы негіз болды.

Бұдан басқа, өңірлердің бірі қалалық сотының судьясына қатысты судья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасағаны үшін атқаратын лауазымынан босату туралы шешім қабылданды. Бұл судьяның мас күйінде көлік құралын басқарып, жол-көлік оқиғасын бұзып байланысты іс-әрекеттері бұдан бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып қоғамдық резонанс тудырған болатын.

Сонымен қатар, Сот жюриі әртүрлі негіздер бойынша (судьяның атқарып отырған қызметінен босатылуы және басқалар) бес тәртіптік іс жүргізуді тоқтатты.

 

Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты