Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсырған тұлғалар туралы ақпарат судьялық лауазымдарға

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсырған тұлғалар туралы ақпарат судьялық лауазымдарға

2021 жылғы 21 шілдеде жарияланған судьялардың 282 бос лауазымдарына конкурс аясында кеңеске 688 үміткердің құжаттары келіп түсті.

Келіп түскен материалдарды зерделеу барысында заңнамада қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін тұлғалардың құжаттарды тапсыру жағдайлары анықталды.

Осыған байланысты, 37 үміткер конкурсқа жіберілген жоқ. Атап айтқанда:

- 21 адам құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған (Жоғарғы Соттың, облыстық және оларға теңестірілген соттардың, соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестердің жалпы отырыстарының қорытындылары; сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның қорытындылары; тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы, судьяның әрекеттеріне шағымдар туралы, жоғары тұрған соттардың Ескертпе-хаттары туралы, судья жіберген заңдылықты бұзушылықтар туралы прокурорлардың ұсыныстары туралы, белгіленген үлгідегі сауалнамалар жоқ);

- 7 адам-тең дәрежелі лауазымда екі жылдан аз жұмыс істеген судьялар. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның (бұдан әрі – Конституциялық Заң) 7-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы атқаратын тең дәрежелі лауазымда екі жылдан аз жұмыс істеген судьяның бос судья лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға тыйым салуды көздейді;

- 7 үміткерде тәртіптік жазалар бар. Бұл ретте, егер одан сөгіс түріндегі тәртіптік жаза алынған күннен бастап бір жылдан аз уақыт өтсе, Конституциялық заңның 29-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес судьяның бос судья лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жол берілмейді;

- 2-кандидаттардың конкурсқа қатысудан бас тартуына байланысты.