Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда аудандық және облыстық соттардың судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Сот жюриі отырысының қорытындысы бойынша бес судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде үш судьяға сөгіс, екі судьяға ескерту түріндегі жаза қолданылды.

Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға олардың сот төрелігін жүзеге асыру кезінде материалдық және процессуалдық құқық нормаларын бұзғаны, сондай-ақ судья әдебі кодексін сақтамауы негіз болды.

Сонымен қатар Сот жюриі түрлі негіздер бойынша (судьяны тәртіптік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімінің аяқталуы, судьяның қайтыс болуы және басқалар) үш тәртіптік істі тоқтатты.

 

Қазақстан Республикасының

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты