Конкурстық іріктеу бойынша баспасөз хабарламасы

Конкурстық іріктеу бойынша баспасөз хабарламасы

2021 16-шы шілдесінде Жоғары Сот Кеңесі 37 бос судья лауазымына конкурстық іріктеуді қорытындылады.

3 лауазым - облыстық соттардағы сот алқасы төрағасы (құжат тапсырғандар саны 23 үміткер);

12 - облыстық сот судьясы (құжат тапсырғандар саны 155);

15 – аудандық сот төрағасы (құжат тапсырғандар 19 үміткер);

7 – аудандық сот судьясы (құжат тапсырғандар саны 61).

Ең көп үміткер Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы соттарға құжат тапсырған. Ал, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарындағы соттарға қызметке тұруға ниет білдіргендер саны аз болды.

Бірқатар лауазымдарға талапкерлер табылғанымен конкурс жүзеге аспады деп танылды. Себебі судья лауазымына лайықты үміткер анықталған жоқ.

Ал, 7 аудандық соттың төрағасы лауазымына бірде бір адам құжат тапсырған жоқ: 

  • Алматы облысындағы Алакөл аудандық № 2 соттың төрағасы;
  • Алматы облысы Райымбек аудандық сотының төрағасы;
  • Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық сотының төрағасы;
  • Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық № 2 сотының төрағасы;
  • Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі № 2 сотының төрағасы;
  • Павлодар облысы Үспен аудандық сотының төрағасы;
  • Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық сотының төрағасы лауазымдары босы болып қалды.

Конкурс нәтижесінде Кеңеспен:

облыстық соттардағы сот алқасы төрағасы лауазымына 2 үміткер;

облыстық соттың судьясы лауазымына 7 үміткер;

аудандық сот төрағасы лауазымына 5 үміткер;

аудандық соттың судьясы лауазымына 4 үміткер іріктеліп алынды.

Облыстық соттағы алқа төрағасы лауазымына іріктелген тұлғалар тәжірибелі судьялар, өз ісінің мамандары, олардың орташа жасы – 50 жас. Заңгер мамандығы бойынша еңбек өтілі – орташа есеппен 23 жыл. Сот жүйесіндегі тәжірибесі – 20 жыл.

 Облыстық сот судьясы лауазымына ұсынылған үміткерлердің орташа жасы – 49. Заңгер мамандығы бойынша еңбек өтілі – орташа есеппен 21 жыл. Сот жүйесіндегі тәжірибесі – 15 жыл.

Аудандық сот төрағасы лауазымына ұсынылған судьялардың орташа жасы – 43.  Заңгер мамандығы бойынша еңбек өтілі – 15 жыл. Сот жүйесіндегі тәжірибесі – 5 жыл.

Аудандық сот судьясы лауазымдарына ұсынылған судьялардың орташа жасы - 43. Заңгер мамандығы бойынша еңбек өтілі – 18 жыл.

Іріктелген 18 үміткердің 11 ер адамдар, 7-і әйелдер. 6 (немесе 30 %) ведомстволық наградалармен марапатталған.

3 үміткер (16%) құқық магистрі дәрежесіне ие.

Аталған конкурс шеңберінде 13 адам жоғары тұрған лауазымдарға ұсынылды.

Бос судья лауазымдарына ұсынылған тұлғалардың толық тізімі, және конкурсқа қатысты басқа да ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің ресми сайтында жарияланатын болады.

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты