Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

16-шы шілде күні Д. А. Шипптың төрағалығымен Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Басқосуда облыстық және оларға теңестірілген соттардың судьялары мен сот алқаларының төрағалары лауазымдарына, аудандық және оларға теңестірілген сотттардың судьялары мен төрағалары лауазымдарына жарияланған конкурс қорытындыланды.

Сонымен қатар, Кеңес республиканың бірқатар соттарында судьялардың штаттық санын өзгертуге келісім беру мәселесін қарады.

Кеңес мүшелері тұңғыш рет аудандық сот судьясы лауазымына тағайындалған 27 тұлғаның жұмыс қорытындыларын қарады. Олардың барлығы атқарып жүрген қыцзметіне лайық деп танылды.

Кеңес сонымен қатар Жоғарғы Сот Төрағасымен зейнет жасына жеткен судьяның қызметін атқару мерзімін ары қарай ұзартуға өз келісімін берді.

Бұдан бөлек, республика соттарының бірқатар судьялары мен төрағаларын әртүрлі себептермен лауазымдарынан босату туралы ұсыныс жасалды.

Кеңес отырысының аясында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының құрамына өзгертулер енгізілді.

Қабылданған шешімдер туралы толық ақпарат Кеңестің ресми сайтында жарияланатын болады.

 

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты